Саябақ туралы

Ұлттық парк Іле-Алатауының бүкіл солтүстік беткейінде 199 мың га ауданда, Алматы қаласының маңында орналасқан. Парк аумағы батыстан бастап шығысқа қарай 120 шақырымнан тұрады, ал оңтүстіктен бастап солтүстікке дейін – 30 шақырымға жуық.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі төмен дегідей қызметтер атқарады:

  • бірегей шыршалық және жапырақты орманды, эталондық табиғи жерлерді, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;
  • ұлттық паркті және оның күзету аймағын күзету режимін қамтамасыз ету;
  • жергілікті халықты, келушілерді және парк туристеріне экологиялық түсінік беру;
  • биоәртүрлілікті зерттеу мен оны сақтау және қайта өсіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша табиғат нысандарына экологиялық мониторинг жүргізу;
  • бұзылған табиғи кешендерді, табиғи-қорықтық қор нысандарын, табиғи және тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • рекреациялық-туристік, шектеулі шаруашылық және басқа мақсаттардағы антропогендік жүктемелерді қадағалау.

Іле-Алатау паркінің басты табиғи құндылығы – Шренк шыршасынан тұратын қылқанды орман, сондай-ақ реликті Сиверс алма ағашының және жабайы өріктің, көктеректің, ақ қайыңның, шетеннің, долананың көшеттерінен, бұталы және шөп өсімдіктерден тұрады. Сиверс алма ағашының әлемдегі осы жемісті тұқымның бүкіл қазіргі заманғы түрлерінің тегі болып танылғанын атап өткен маңызды. 

Ұлттық паркте реликті мүкті шыршалар орманы, сарқырама, таудағы көлдер, тас глетчерлер мен мұздықтар, сондай-ақ мәдени-тарихи мұра нысандары сияқты бірегей табиғат ескерткіштері орналасқан. Бұлар ерте темір дәуіріндегі қорған қорымы, сақ қорғаны орта ғасырдағы қалашықтар. Іле-Алатауының тарамдары бойында ежелгі жолдар жатыр, онымен баяғы өткен заманда тайпалар мен халықтар көшіп-қонған, кейіннен Ұлы Жібек жолы пайда болған.