Қызыл кітап

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктер

Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген гүлді өсімдіктердің 35 түрі және мүк тәрізді өсімдіктердің 2 түрі кездеседі. Гүлді өсімдіктердің тағы 6 түрі Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы ау- мағында қорғау аймағы шегінде кездессе, парк аумағында да өсуі мүмкін.

Жалған жүрек жапырақты деңгел, ұсақ жемісті әжік, мұзды бот ташық, алматы кекіресі, алматы ақжапырағы сияқты шекті шағын эндемикалық түрге жататын өсімдіктер, сонымен қатар екпе өсімдіктердің декоративтік қасиеттерін сақтаған жабайы тұқымдастары: алатау бәйшешегі, Островский қызғалдағы, Колпаковский қызғалдағы, Виттрок рауғашы, Сиверс алма ағашы, жабайы өрік ағашы, Альберт құртқашашы, қатпарлы соссюрея, ұяланған шмальгаузения, Семенов айдаршөбі, алтай торсылдағы, қызыл-сары ақбасшөп, кавказ таудағаны, Колпаковский иридодиктиумы және басқалары да кездеседі. Олардың бәріне ерекше қорғау және популяциялар жағдайына бақылау қажет.

Крупка кішкентай жемісті

Шафран Алатауы

Виттрок Рубарб

Касатик Альберта

Коссури орады

Сарысы сарғыш

Қазақстан Республикасы және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген жануарлар түрі

Парк аумағында нақты мекендейтін сүтқоректілердің ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқандарға жануарлардың 6 түрі жатады. Олар: тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні, тянь-шань таутекесі, тас сусар, үнді жайрасы.

Парк аумағында жылдың әр түрлі маусымдарында сирек кездесетін құстардың 20 түрі тіркелген, олардың 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енген, 4-і Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабына енген.

Қазақстан Қызыл кітабына енген құстардың паркте бүркіт, жұртшы, үкі, құмай, көк құс сияқты 5 түрі ұялайды. Қара күшіген, шәукілдек, көк қарға Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген.

Қосмекенділер арасынан сирек және жойылып бара жатқандарға Певцов құрбақасы және ортаазиялық бақа жатады. Певцов құрбақасы IV категория мәртебесіне ие, зерттелмеген түр болып табылады. Оның бір үлгісі Үлкен Алматы көлінен және біреуі Алматы қаласынан табылған. Ортаазиялық бақа Алматы қаласы мен оның маңайында, Іле, Алматы, Қаскелең, Шамалған өзендерінің бойында бұрын кездескен, қазіргі кезде жойылып кеткен немесе өте сирек кездеседі. Бұл түрі қазіргі кезеңде парк аумағында мекен етуі әбден мүмкін, бірақ ол өте сирек. Ареалы мен саны қысқарған түр ретінде бақа II категория мәртебесіне ие.

Тянь-Шань қоңыр аюы

Тянь-Шань тау қошқарлары

Түркістан сілеусіні

Тас мартен

Үнді фарфоры

Көк құс