Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалы Алматы облыстық орман шаруашылығы басқармасының Қала маңы орман шаруашылығы базасында 1996 жылы құрылған. Талғар филиалының жалпы ауданы – 26 652 га, филиал үш орман шаруашылығына бөлінген:
- Көкбастау орманшылығы, ауданы – 8 439 га, екі шатқалда – Солдатсай және Рахатта орналасқан.
- Қотырбұлақ орманшылығы, ауданы – 10 692 га, Қотырбұлақ шатқалында орналасқан.
- Талғар орманшылығы, ауданы – 7 521 га, Маралсай, Солдатсай, Осиновое, Ваганово, Красильниково, Ближнее, Белбұлақ, Жаманбұлақ шатқалдарында орналасқан.
Қызықты локациялар:
- Талғар көне қалашығы
- Монахово шатқалы
- Монахова үңгірі
- Марал-Сай шатқалы
- Қытай соқпағы
- Ерлер монастырі
- Солдатское шатқалы
- Талғар шыңы
- Корженевский мұздығы
- Пионер шыңы