Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген филиалы Алматы
қорығының базасында 1996 жылы құрылған. Филиалдың жалпы ауданы – 74 594 га және үш орман шаруашылығына бөлінген:
- Есік орманшылығы, ауданы – 10 318 га Есік шатқалында орналасқан.
- Маловодное орманшылығы, ауданы – 18 540 га, 10 шақты шатқалда орналасқан.
- Түрген орманшылығы, ауданы – 45 736 га, Түрген шатқалында орналасқан.
Қызықты локациялар:
- Ассы платосы
- Алтын адам мұражайы
- Сақ қорғандары
- Форель шаруашылығы
- Есік көлі
- «Аюлы» сарқырамасы
- «Қайрақ» сарқырамасы
- Шыңтүрген мүк шыршалары
- Көкбұлақ шыңы
- Григорьев мұздығы
- Ақкөл көлі