Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Аю-Сай жолығу орталығында экологиялық мониторинг өтті.

10.08.2020
2020 жылдың 7 тамызында Экология, геология және табиғи ресурстар МИНИСТРЛІГІНІҢ бастамасымен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи пракінің мамандары және салынып жатқан"Аюсай жолығу орталығы" жобасының авторы бірлесіп экологиялық мониторинг жүргізді.
Кездесуге Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің Қоғамдық кеңесінің 13 мүшесі қатысты:
1. Абишев Асхат Бауыржанович – Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП директоры орынбасарының м.а.;
2. Байеділов Қонысбек Ескендірұлы – Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы;
3. Бокаев Санжар Омарұлы – «МастерГрад» Алматы зауытының бас директоры;
4. Исанова Асель Толегеновна – «КОВШ» туристтік білім беру жобасының негізін қалаушы;
5. Казыханов Едиль Хозеевич – техникалық ғылым докторы;
6. Керимбекова Айша Какеновна – «Қазақстан экотуризм қауымдастығының» директоры;
7.Қожалиева Тоғжан Бақытжанқызы – «HAQ» қоғамдық қозғалысының белсендісі;
8. Рысмамбетов Расул Ибрагимович – қаржыгер;
9. Скаков Амангельды Амандинович – география ғылымдарының докторы, профессор, «Казэкология» Республикалық ғылыми өндірістік және ақпараттық орталығының жетекшісі;
10. Спицын Сергей Александрович – эко-белсенді, кәсіпкер;
11. Чащин Герман Германович – «Eco FundTabigat» фондыныңтөрағасы;
12. Шайкенова Рашида Рашидовна – «Қазақстан туристік ассоциациясының» директоры;
13. Шапагатова Баян Саиновна – «Қазақстан кемпингтік туризмі және караванинг ассоциациясының» президенті. Қазақстан кемпингтік туризмі және караванинг ассоциациясының атынан Еркін Тикенов қатысты.
Жобаның авторы Александр Олегович Гужавин:
- "Аюсай жолығу орталығының" жеңіл құрылымдары туралы;
- Сергей Спициннің бастамасымен орнатылған спорт алаңы туралы;
- Геошуруптарда орнатылған Қоғамдық дәретхананың құрылымы, ағынды суларды 98%-ға дейін тазартуға мүмкіндік беретін микроорганизмдерменбиоотын тазарту жүйесі туралы және бұл су техникалық мақсаттарда қайта пайдаланылуы мүмкіндігі туралы. Тазарту құрылыстарының екі қондырғысы әрқайсысы 5 кубтан дәретхананың батысындағы жыраға орналастырылады, тазартылған су да сол жерге ағызылады. Дәретхана 5 ерлер мен 5 әйелдер кабиналарына және мүмкіндігі шектеулі адамдарға (бір әйел және бір ер) арналғаны туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, қатысушылар сапа және сәйкестік сертификаттарымен және объектінің паспортымен танысты.
Алдыңғы жалға алушылардан қалған бетон құрылыстары бөлшектеліп, олардың орнына электравтобустар үшін аялдама салынады.
Сондай-ақ, жақында ашылған «Тамыр» мектебі туралы айтылды, ол туристерді экологиялық ағарту, тау маршруттарындағы қауіпсіздік бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, сонымен қатар тау бөктерін қоқыстардан тазарту үшін еріктілерді тартады және қалдықтарды бөлек жинау және жою ережелерін түсіндіреді.
Қатысушылар тау өзенінің ағынынан құтқарған аюдың құрметіне атасы немере қызының атын «Аюсай» деп атағаны туралы қызықты аңызды тыңдады.
Қысқы кезеңде нысанды жылыту бойынша сұрақтар қойылды. Туранга групп төменгі станциядан, 250 кВ, қосылу туралы техникалық шарттар алды. Сондай-ақ, ыстық суға арналган күн панельдері бар.
Стационарлық мангалдарды орнату жоспарлануда.
Автокөлік съезін жолдан шектеу-жол бойында тұрақ қалталары қаралады.
Мұражайға жоспарланған келушілер саны күніне 1000-1800 адам. Қарбалас күндері Аюсай шатқалының алаңында 5 мыңға дейін адам болады деп күтілуде.
 
f  y  h