Төлем жасау үшін автоматты түрде QR сканерлеңіз, өзіңіз тұрған эко постты таңдап, билет түрін, адам санын таңдаған соң төлем құны шығады.
Бір адамға 506,3 теңге сомасы МҰТП бақылау-өткізу пунктінде (бұдан әрі – БӨП) аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша қызметтер үшін адамға 200 теңге мөлшерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (бұдан әрі – ЕҚТА) пайдаланғаны үшін 306,3 (0,1 АЕК) теңге мөлшерінде алынады.
Бұл ретте ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлем 0,1 АЕК адам/күн ҚР Салық кодексінің 589-591 – баптарына сәйкес алынады. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Тарифтерге сәйкес, жеке тұлғалар үшін аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша қызметтер күніне бір адамға шаққанда 200 теңгені құрайды.
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі – заң) 38-бабына сәйкес табиғат қорғау мекемелері ақылы қызметтер көрсете алады.
https://kaspi.kz/pay/IleAlatau_Cat?region_id=18&started_from=QR
Біздің менеджер сізге 10 минут ішінде қоңырау шалады