2022 жылғы кесілетін ағаштарға байланысты қоғамдық тыңдау

17.11.2021

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 58-бабы, 2-тармағы, 73-бабы 1 тармағы негізінде 2021 жылғы 09 желтоқсан сағат 16.00-де төмендегі мекенжайда: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Сүртібаев көшесі 1/1 кабинет 2  «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында орман орналастыру жобалары және толық көлемдегі анықтау кесімдері негізінде 2022 жылғы кесілетін ағаштарға байланысты қоғамдық тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

Жоба материалдарына тапсырыс беруші: РММ «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» 

Бас жобалаушы: РМҚК «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» alataupark@mail.ru немесе www.ile-alatau.kz веб сайтынан электронды пошталарынан материалдың электронды нұсқасын алуға болады, сондай-ақ осы электронды пошталарда жобаға ескертулер мен ұсыныстар қабылданады,

 

          Байланыс телефоны: 8 727 297 07 72